Теңге ілу қазақ халқының көне ойындарының бірі. Қазіргі уақытта ат спортындағы ұлттық ойындардың бірі. Ойын даладағы соғыс кезінде пайда болды. Жігеттер осы ойын арқылы соғыс кезінде әскери дайындықтан өтуіне ықпал еткен, аттың үстінде шауып келе жатып, жердегі қару жарақ және тағы басқа заттарды іліп әкетіп отырған. Ойында негізінен ептілік, батылдық, ат үстінде дұрыс отыру, жылдамдыққа үйретеді. Теңге ілу ойыны көбінесе уйлену тойының алдында ойналады. Көбінесе жүлде ретінде жаңа түскен келіннің алтын бұйымдары қойылған.
Ережесі.
Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңге саны 5-еу. Арақашықтықтары 10 метрден қойылады. Жердің шұңқыр бөлігіне шүберекке салынған тиындар тасталады. Теңгеілушілер аттың үстіннен еңкейіп, жерде жатқан теңгелерді лақтырып тастау керек. Жарысқа бекітілген ереже бойынша спортшының уақытысы, ілген теңгенің санын санап қорытындысын шығарыды. Ең көп теңге ілген жеңімпаз болып саналады.