Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Басшылық

Сәбитов Бақдәулет Маратұлы

          Сәбитов Бақдәулет Маратұлы 1992 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан обл.), Төлеби ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресі және самбодан Азия чемпионы. "Еуразия Барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы. Дзюдо күресінен Еуропа Кубогының иегері, Әлемдік Гран-при турнирінің жүлдегері.

          Ұлттық күресті дамыту жолында “Қазақстан Барысы” қазақ күресін дамыту қорында, ҚР қазақ күресі федерациясында және “Qazaq kuresi”қауымдастығында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Қазақ күресінен ұлттық санаттағы төреші, төрешілер комитетінің төрағасы қызметін қосымша атқарды.

          Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу барысында 5-11 сынып оқушыларына арналған 100 сағаттық оқу бағдарламасын әзірлеу тобында болып, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерде сынақ кезеңдерін өткізуге атсалысты. Сондай-ақ, халықаралық аренада ұлттық күрестің насихатталуына қатысты кешенді жобаларды жүзеге асырды. Корея, Түркия елдерінде қазақ күресінің ұлттық спорт ретінде таныстырылымдарын ұйымдастырды.

          2019 жылы "Қазақ күресіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған.