Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 27-30 мамыр аралығында асық ату спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы ҚР біріншілігі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 27-30 мамыр аралығында асық ату спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы ҚР біріншілігі өтті. Жарысқа 9 аймақтан 80-ге жуық спортшы қатысқан бұл жарыстың ерекше бір тұсы - жарысқа өзге ұлт өкілдерінің қатысқандығы. Жарысқа қатысқан ең жас спортшының жасы небәрі 6 жаста.

 Ұлттық спортымыздың өзге ұлт өкілдері арасында таралуы асық атудың кеңінен насихатталуына серпін береді деп сенеміз. Жарысты қорытындалай келе қыздар арасында "Бес асық" спорт түрінен Нұр-Сұлтан қаласының спортшы қыздары еншілесе екінші орынға Қостанай облысының спортшылары жайғасты. Үшінші орын Алматы қаласының еншісіне бұйырды. Ер балалар арасында "Асық ату" спорт түрінен бірінші орында Алматы қаласы иеленді. Екінші орынға Павлодар облысы лайықты болып үшінші орынға Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары ие болды.

30.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь