Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

2023 жылдың 7-8 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Қазақстан өңірлерінен 150-ге жуық спортшы мергендер өздерінің бақтарын сынады. Жалпы 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізілді. Олар – Пута нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік), Орта Азия нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік) және Жамбы нысанасы (5 оқтан 3 мүмкіндік). Жас ерекшіліктеріне байланысты әр нысананың арақашықтары әртүрлі. Атап айтсақ,
7-9 жас – 10 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
10-12 жас – 15 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
13-15 жас – 20 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
16-18 жас – 25 метр (ұлдар мен қыздар бөлек)
Барлық спортшыларға бірдей үш нысанада бақ сынау мүмкіндігі берілді.







Әр нысана бойынша ұлдарға және қыздарға 1, 2, 3, 3 дәрежелі орын. Жеңімпаздар медельдармен, дипломдармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстаулық мергендер ең үздік танылды, Шымкент қаласының мергендері екінші орында, ал атыраулық мергендер үздік үштікті түйіндеді.

10.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь