Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

АСЫҚШЫЛАР ЕУРАЗИЯ КУБОГЫНДА СЫНҒА ТҮСУДЕ

Бұдан бөлек Қырғызстан, Чехия, Германия және Румыниядан келген асықшылар жарыс көрігін қыздыруда. Жалпы алғанда Асық ату мен Бес асықтан барлығы 66 спортшы сынға түсуде. Бүгін жарыстың бірінші күні алдын-ала ойындар өтіп жатыр. Ертең де өзара мықтылар анықталып, 2 ақпан күні жартылай финалға шыққандардар белгілі болады. Финалдық ойындар 3 ақпан күні өтіп, Еуразия кубогының жеңімпаздары анықталады.
Сіздердің назарларыңызға Түркияда ел намысын қорғап жатқан ұлттық құрама мүшелері тізімін ұсынамыз:

АСЫҚ АТУ

«Қазақстан -1»

1. Еркебай Сәрсеков
2. Тимур Әбілов
3. Қалибек Қуан

«Қазақстан -2»

1. Саят Қизат
2. Алмас Жармағамбетов

«Қазақстан -3»

1. Қайрат Жетпісов
2. Қуат Бораналин

«Қазақстан – 1» құрамасы сапындағы Еркебай Сәрсеков 2022 жылғы Румынияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы.

БЕС АСЫҚ

«Қазақстан -1»

1. Сәния Зейкенова
2. Мереке Шанабай

«Қазақстан -2»

1. Мерей Сүлеймен
2. Көгершін Думан



Бес асықтан ұлттық құрама мүшесі Сәния Зейкенова Азия чемпионатының жүлдегері. Додаға Қырғызстаннан келген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Искендер Кожокеев пен Нурмухамед Абдоловтар да қатысуда. Еуразия кубогына Жомарт Сабыржанов ағамыз бастаған төрешілер Самат Аукенов пен Ағжан Сұрағановтар әділқазылық етуде.
Ұлттық ойынымыз – Асық атуды ұлықтап жүрген жігіттер мен қыздарымызға сәттілік тілейміз!

02.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь