Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
 
Баршаңызды қар көбесі сөгіліп, төңірекке шуақ төккен көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі мереке алғыс айтумен шектелмейтіні анық. Бұл күні ұлт тарихы мен мемлекеттің жүріп өткен жолы жаңғырып, жас ұрпаққа өнеге етіп айтылады.
Қазақ халқы өзінің терең тарихын тарқатқанда болмысымен біте қайнасқан, тағдырымен тамырлас Ұлттық спорт түрлерінде тілге тиек етері сөзсіз. Ел Тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан аса уақытта Ұлттық спортымыздың жаңа биікке шығып, халқымыздың тірлігімен бірге түлеп, қайта жаңғыруы осы сөзіміздің дәлелі.
Мереке аясында бірлігі мен берекесі жарасқан еліміздің, құт қонған киелі мекеніміздің дамуына ерен еңбек етіп, Ұлттық спортымызды ұлықтап, Ұлттық брендімізге айналдыруға атсалысып, жер жүзіне қанат жаяуына үлес қосып жүрген, қолдау білдірген барша жанашыр жандарға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз.
Бір-бірімізге деген алғысымыз шынайы, көңіліміз кіршіксіз, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болғай!
 
Ізгі ниетпен,
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры
А.ХАСЕНОВ

01.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь