Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

ҚЫРАННАН КЕМ КӨРМЕЙДІ ҚАРШЫҒАСЫН

ҚЫРАННАН КЕМ КӨРМЕЙДІ ҚАРШЫҒАСЫН Бүгінде қаршығасын қомдап, ителгісін баптап, қыранын аңға салатын қазақ санаулы. Кәусар Бауыржан ата-баба кәсібінің қайта түлеп, бекзат өнердің жаңғыруына тамшыдай болса да үлес қосып жүрген сол санаулы жанның бірі. Тұлымшағы желбіреген нәзік жан құсбегілікті кішкентайынан кәсіп еткен. Ел чемпионатында 3 мәрте қаршығасының бағын сынап көріпті. Әзірге олжа салмаған. Әйтседе киелі Әулиеата жерінде Ұлттық брендіміздің бірі саятшылық өнерді ұлықтап жүрген аруымыздың болашықтан үміті зор. Бар жоғы 7 сыныпта оқитын Кәусардың болашағынан біз де үміттіміз.

05.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь