Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы (9,11,13,15 жасқа дейінгі) жекелей чемпионаты (классика, рапид, блиц) өтті!

Чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директоры Сабитов Бақдаулет Маратұлы қатысып спортшыларға сәттілік тілеп, ең жас ойыншыға спорттық киім тарту етті. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан

мемлекеттік жаттықтырушы Абдикамиров Даулет Ұзаққалиұлы,

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы вице президенті Шотаев Мақсат Есенбекұлы,

Алматы қаласы № 4 спорт мектебі директоры Искаков Нұрболат Садуұлы,

Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті профессор Мұхиддинов Ерғали Мұхиддинұлы қатысып сөз сөйлеп тілектерін білдірді.

 

Жарысқа барлық аймақтан 500-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыс өте тартысты өтті, нәтижесін медаль саны бойынша есептеп шығардық.

Жарыс қорытындысы:

Классика спорт түрі:

Бірінші орын:  Қостанай облысы

Екінші орын:  Батыс Қазақстан облысы

Үшінші орын:  Ақтөбе облысы

Рапид спорт түрі:

Бірінші орын:Шығыс Қазақстан облысы

Екінші орын:Батыс Қазақстан облысы

Үшінші орын:Қостанай облысы

Блиц спорт түрі:

Бірінші орын:Түркістан облысы

Екінші орын:Ақтөбе облысы

Үшінші орын:Алматы облысы

Жалпы командалықты медаль санымен есептегенде

Бірінші орын: Шығыс Қазақстан облысы

Екінші орын: Ақтөбе облысы

Үшінші орын:Қ Қостанай облысы

Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

10.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь