Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

Тоғызқұмалақтан “Азия Кубогі” өтуде

“Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы” ,  Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ақмола облысының Дене шынықтыру және Спорт басқармасы тоғызқұмалақтан “Азия Кубогін” ұйымдастыруда. Жарыс барысын Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен білікті төрешілер бақылайтын болады.

Жарысқа 2022 жылдың 10 маусымына дейін өзінің қатысуын растаған Қазақстан, Қырғызстан мемлекетінен, Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Түркіменстан, Түркия командалары офлайн түрде, Бангладеш және Саха Республикасының командалары онлайн форматта қатысуда. Кубок ойындарының бірінші күнінде тоғызқұмалақтың классика түрінен жалпы саны 42 спортшы қатысуда. Бір аптаға созылатын жарысқа 10 мемлекеттен 100 ге жуық спортшы қатысады.

Офлайн форматта қатысатын командалар playok.com сайты арқылы ойнайтын болады.  Жарыс швейцар жүйесімен қыздар және ұлдар арасында бөлек өтеді. Әр спортшыға ойын кезінде классика түрі бойынша 90 минут, рапидте 20 – минут, шапшаң ойнауда – 7 минут уақыт беріледі.

Жекелей және әр жас ерекшелігі бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Ұлттық және ат спорты түрлері ортылығы тарапынан медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жарыс регламентіне сәйкес, жекелей есепте ойыншылардың нәтижесі тең болған жағдайда бірінші кезекте ұпай саны немесе жеке кездесу, бухгольц көрсеткіші немесе прогресс көрсеткіші бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Азия кубогінде Қазақстан Республикасының намысын ересектер арасында Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Әсел Далиева және Азия чемпиондары Қожанәсіп Аңсаған, Бахтыбекова Айзада қорғауда.

23.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь