Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

Қостанайда VII «Халық спорты ойындары» өтуде

Қостанай облысында 4 жылда бір ұйымдастырылатын VII «Халық спорты ойындары» өтуде. Аталған жарысқа 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан 1400-ден астам  спортшы келген. Қатысушылар спорттың 9  түрінен сынға түсуде. Жарыс 16 маусымда басталған спорт мерекесі 25-не дейін жалғасатын болады.

«Халық спорты ойындары» елімізде спортты кеңінен насихаттауға бағытталған жарыстың бірі. Халық спорты ойындары алғаш рет 1998 жылы бастау алған. Содан бері спортты серік еткен әр спортшы қатысып, сынға түсе алатын әділ жарысқа айналды. Республикамыздың әр өңірінде өтіп, ауқымы кеңейіп жатыр. Мәселен, осыдан 4 жыл бұрын киелі Маңғыстау жеріндегі ойындарға 2 мыңға жуық спортшы қатысқан.

Іс-шараның ашылу салтанатына МСМ Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарыста спорттың шағын футбол, баскетбол (3х3), волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру мен қол күрес секілді түрлері қамтылды.

Спорттың 9 бағыты бойынша сынға түскен спортшыларды бағалауда  200-ге жуық төреші жоғарғы деңгейде төрелік жасауда.

Халық спорты ойындарына ұлттық спорт түрлерінен тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресі енген. Аталған спорт түрлері бойынша спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату ойындарының нәтижесінің қорытындысы.

Тоғызқұмалақтан бірінші орынға Шымкент қаласы жайғасқан, екінші орын Қызылорда облысының қанжығасына байланды, Ақтөбе облысы үшінші орынды місе тұтты.

Қазақ күресінен алтын жүлдені Түркістан облысының спортшылары иеленді, күміс Алматы қаласының еншісіне бұйырып, қола жүлдені Атырау облысының спортшылары иеленді.

Асық ату спорт түрінен бас жүлде Шымкент қаласының қанжығасына байланса екінші орынға Түркістан облысы ие болды, Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары үшінші орын алды. Бес асықтан Қостанай облысы бірінші орынды, Нұр-Сұлтан қаласы екінші, Солтүстік Қазақстан облысы үшінші орынға ие болды.

Облыстар мен спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

23.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь