Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасында ат үстінде белдесуден бірінші әлем чемпионаты аяқталды

Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Қырғызстан, Қалмақия мемлекеттерінен, 44 спортшының қатысуымен өткен жарыста, еліміздің спортшылары тамаша күрес үлгісін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

 

         

Жарыс өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, халықаралық спорттық қарым-қатынасты нығайту мақсаттарында өткізілді. Әлем чемпионатына ат спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Манапұлының бастауымен, еліміздің намысын қорғау үшін ҚР республикасының спорт шеберлері Ізбасаров Сырым, Серғазиев Азамат, Құралбай Ермек, Ержанов Шыңғыс, Ережепбаев Дәулет, Рахматилла Есімхан, Сағынбаев Арман, Самилов Данияр сынды спортшылар қатысты.

 

 Жарысты қорытындылай келе, бес салмақ дәрежесі 60, 70, 80, 90, 90+ бойынша өткен белдесулерде 70 келі салмақ дәрежесінде Ержанов Шыңғыс бірінші орынмен марапатталды. 90келіден жоғары салмақ дәрежелерінде тамаша күрес үлгісін көрсеткен Смайылов Данияр жеңіс тұғырынан көрінді. 60-80 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге, Ережепбаев Дәулет, Серғазин Азамат қол жеткізді.

 

 Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

26.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь