Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

САЛБУРЫН – 2022

Қырғызстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай өткен «Салбурын – 2022» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетті.

Аталған жарысқа ұлттық спорт түрлерінен әлемнің Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Малайзия, Сингапур, Моңғолия, Ресей (Башқұртстан), Венгрия, АҚШ, Чехия, Германия, Франция, Үндістан, Испания, Индонезия секілді елдерден спортшылар келді.

Жамбы атудан Қазақстан республикасының ұлттық құрамасы алтын және күміс медаль тағынды. Жамбы атудан Азия чемпионы Бабажан Бақдәулеттің ат үстінде атқан жебелері толығымен нысанаға дөп тиіп, І орын иеленсе, Жамбы атудан Қазақстан республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы Сарыбай Айтбек кішкене ғана айырмашылықпен ІІ орын алды.

Аталған жарыста бүркіт салудан ең үздік нәтиже көрсеткен Құрманғалиев Ақберен (ҚРЧ жеңімпазы) Нарын атты бүркітімен жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды да қазақстандық Таңатов Ғабит алды.

Ителгі салудан Кушкаров Арман екінші орынды, Аршабай Дәурен үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар үздік үштіктің басында болды.

Спортшыларды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

02.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь