Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

Румынияда ұлттық спорт түрлерінен Әлем кубогі аяқталды

Татар демократиялық қоғамының ұйымдастыруымен өткен әлемдік құрылтай аясында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі ұйымдастырылды.

Әлем елдерінің мәдениеті мен спортын бір арнада тоғыстыру, ұлттық спорт түрлерін ынтымақтастық аясында насихаттау мақсатын жүзеге асыратын құрылтайда әлемнің 38 мемлекеті бас қосты.

Франция, Италия, Тунис, Камерун, Түркия, Молдова, Ресей, Бангладеш, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және де басқа елдер осы алаңда өз мәдениеті мен спортын насихаттап, дамытуға мүмкіндік алды.

Аталған шара барысында Әлемдегі ұлттық спорт, дәстүр мен мәдениеттің даму деңгейі, ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтаудағы басты құндылықтарды талқылаған симпозиум өтті. Симпозиумға Румыниядағы Қазақстан елшілігінің өкілі Бақ-Дәулет Мамырбаев қатысты. "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының" директоры Б.Сәбитов симпозиум барысында қазақ халқының ұлттық спорты, даму жолдары туралы пікірімен бөлісті.

Әлемдік құрылтай аясында қазақ күресінен осымен екінші рет Әлем кубогі ұйымдастырылып отыр. Ұлттық күрестін ҚР ұлттық құрама мүшелері арнайы оқу-жаттығу жиынынан өтіп келді. Нәтижесінде ұлттық құрама жалпы есепте бірінші орын иеленді.
Қазақ күресінің 100 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңіс тұғырына камерундық балуан Д.Доласем көтерілді. Бұл қазақ күресінің әлемдегі даму деңгейін көрсетеді.

Тоғызқұмалақ, асық ату, бес асықтан Әлем кубогі тұңғыш рет өтті. Аталған екі спорт түрінен де қазақстандық спортшылар шеберліктерін танытты. Асық ату спорты қатысушы елдердің ерекше қызығушылығын оятты.

Ұлттық спорт түрлеренің ішінде халықаралық аренадағы даму жолына енді түскен дәстүрлі садақ ату спорты да қатысушы елдер арасында қызығушылық тудырды. Дәстүрлі қазақ нысанасы "жамбы ату" стилі осы спорттағы басты фавориттер - венгрлерді де таң қалдырды.

Ұлттық құрама мүшелерін жеңістерімен құттықтаймыз!

19.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь