Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды!

Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды.

Аталған шараға әлемдегі көшпенді халықтардың басым көпшілігі қатысуда.

Қазақстан құрамасында 5 спорт түрінен 53 спортшы бар. Бүгін көкпар, көкбөрі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату спортшылары жарыс жолын бастайды.

Бірінші болып дәстүрлі садақ атушылар нысана көздеуде. Әлемнің 32 елінен келген 135 мерген өзара күш сынасады (ерлер - 95, әйелдер - 40). Қазақстан құрамасынан 9 ер, 3 әйел адам ел намысын қорғайды!

Қатысушылар 9 оқтан 7 кезең ататын болады, соның ішінде 16 үздік нысана көздеуші жартылай финалға жолдама алады. Финалдық кезеңдер ертең болады.

Көкпар мен көкбөрінің финалдық бәсекелері 2 қазанға белгіленген.

29.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь